Әнші кейбір әріптестерінің пікірлеріне күлкісі келетінін ашық жазды.
Бұл туралы ол instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Әрдайым ашық пікір жазатын Түсіпбаева жантүршігерлік апат болған ұшаққа билет алып, түрлі себеппен отыра алмай қалғандарды сынға алды.
"Бос сөздің не керегі бар?! Әртіс болсаң да, әкім болсаң да, Алладан жарлық келсе, жұлдыз да, жерге түседі аспандағы!!!Кейбір әртістердің посттарына күлкім келеді!!! Ел басына күн туғанда, ойланып сөйлеңдерші!!!Отырсаң отырыпсың кімнен артықсың?!" - деп жазды әнші.
Әнші жарлық келсе, генерал да өмірден өтетінін айтты.
"Жарлық келсе генерал да кетеді!!! (Иманды болсын!) Әй, пенделер, мен бүгін сол самолетте болған Дарханмен сөйлестім... Елестете де алмайсыңдар!!!Не дай, Аллах , вам испытать и доли секунды жизни, того, кто пережил авиакатастрофу!!! Здоровые мужики, убегали от места происшествия, опасаясь возгорания и пожара , после крушения....Кто - то искал свои чемоданы и ручную кладь не обращая внимания на плач и стоны других пострадавших, спасая свои шкуры. Я, плакала, когда бауырым Дархан мне рассказывал, что его новоиспеченная невеста, тащила его, от самолета, а он гнал ее... Говорил, беги, а я должен спасти людей!!! Помолчите!!Останьтесь людьми!!!Вы, не испытавшие, ни доли той трагедий!!Типа, дураки , купили билеты и погибли... (А я жива... #жив) Проявите хоть каплю сочувствия, к родным тех, кто все- таки купил и сел на этот злополучный рейс!!!!А неуместен ли сарказм, когда столько погибших!!!О своей удаче, пжл, только шепотом!!Настоящие Артисты и в жизни и на сцене.... Вам , увы, никогда не понять и не испытать ничего подобного!!! И вы... проживете счастливо , без катастроф все сто лет!!!!мне стыдно за вас" - деп сөзін аяқтады Меруерт Түсіпбаева.
Естеріңізге сала кетейік, 27 желтоқсан күні таңда Алматыдан елордаға ұшып шыққан Bek Air ұшағы биіктік жоғалтып, әуежайдан ұшып шыққан бетте құлаған. Бортта 95 жолаушы және экипаждың бес мүшесі болған.