Осы жүз жылдықта адамның орташа өмір сүру ұзақтығы 120 жылға жетеді


Маманның пікірінше, өмір жасының ұзартылуы тарихи заңдылық, бірнеше соңғы жүзжылдықта адамзат «екі рет 30 жылдан қадам жасады», деп хабарлады Forum-Ua порталы.

«Қазірдің өзінде адамзаттың алдыңғы қатарлы елдері өмір сүру жасының ұзақтығы бойынша 90 жылға таяп қалды. 10 елде бұл көрсеткіш әйелдер арасында 85 жас және одан да жоғары», - дейді Градировский.