"Барлық органдар электрондық құжаттарымен алмасып, бір жүйеде жұмыс істейді. Статистикалық деректер бойынша, осы жылдың қараша айында мемлекеттік органдар арасындағы құжаттар саны 24 мыңнан асты. Ал қазіргі уақытта органдар арасында электрондық түрде тіркелген құжаттар 25 мыңнан асқан шығар", - деді Қ. Есекеев.
Былтыр мемлекеттік органдар тарапынан электрондық жүйемен 7,5 мың құжат жіберілді.
АБА төрағасы хабарлағанындай, бүгінде "барлық мемлекеттік органдар премьер-министрдің кеңсесіне, президенттің әкімшілігіне электронды сандық жүйемен қол қойылған барлық құжаттарды электрондық түрде жіберіп отырады".
Сондай-ақ, агенттік төрағасы атап өткеніндей, мемлекеттік органдарда кадр алмасу жиі болғандықтан, жаңадан келген адамдарды қайта үйретуге тұра келеді. " Мемлекеттік органдар құжат айналымының ортақ электрондық жүйесін құру жобасы аясында 7 мың пайдаланушы оқытылды.