Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін Меруерт ханым Динара Сәтжанды қиын-қыстау кезеңде маска сатты деп айыптаған еді. Оны тегін үлестіруге болмас па деген ойын айтты. Оған тележүргізушінің айтары бар.
"Бір әнші әйел әбден қытығыма тиіп бітті. Есімін жазбай-ақ қояйын. Бүгін оның мен жайлы айтқан сұхбатын жіберіпті. Ол мені маска тігіп сатты деп айыптады. Біріншіден, менің жұмысшыларымның да бала-шағасы бар, мен оларды ақшасыз қалдырғым келмейді.
Екіншіден, наурыз айында тіккен маскаларды әлі де жұмыс істеп жүрген журналист әріптестерімен таратып бергенмін.
Үшіншіден, ол әншіден айырмашылығымыз, әріптестерімізбен балалар ауруханасын барып, печенье, конфет, қияр, Агуша мен маскамызды тараттық. Дәрігерлерді қиын сәтті қолдадық. Енді сұрақ әшінің өзі не істеді?
Ол не айтса да, маған бәрібір, бірақ кейде кімнің кім екенін түсіндіру үшін осылай айтуға тура келеді", - деді тележүргізуші парақшасында.
Сәтжанның желі қолданушылары бірауыздан оны қолдап,
Меруерт Түсіпбаева бұған дейін коронавирусқа қатысты айтқан пікірі үшін Нұрлан Еспановқа ашуын төккен еді.