"Отандықтар біздердің билікті сынауға болмайтындай өз аузымызға қақпақ қойған себебімізді білмеймін. Мұндай тыйым салынған емес",- деп атап өткен М.Толыбаев мемлекеттік мекемелердің сыни пікірге құлақ асатынына тоқталды. "Ұйым жетекшісі ретінде "Отан" партиясы үшін кез-келген департамент директорын сын тезіне салуға болатынын мәлімдеймін",- деді ол.
"Отан" партиясы дәл қазір "өзінің саяси бәсекелестерінен бір адым артта қалды",- дегенді М.Толыбаев жасырмады. "Әкімшілік ресурстарды араластыру адамдар арасында кереғар көзқарас туғызады. Ал бізге қабысқан билік партиясы деген атау көптеген кері әсерлерге алып келуде",- дейді ол.