Парламенттік фракцияның жетекшісі Қайролла Ережеповтың айтуынша, сапардың басты мақсаты - партия мен Елбасының саясатын халыққа насихаттау болып табылады. "Біз жұртшылыққа өз фракциямыздың парламентте не тындыра алғаны, қандай нәрсе қолынан келмегені туралы айтып жүрміз",- деді Қ.Ережепов. Ол сондай-ақ, "Отан" партиясының бағдарламасы "Елбасының халыққа арнаған жолдауымен қашан да үндеседі", ал фракцияның мақсаты - "қажетті заңдар шығару арқылы қоғамдағы өзекті проблемаларды шешу" деп атап көрсетті.
Батыс Қазақстан облысына сапары барысында "Отан" партиясы парламенттік фракциясының мүшелері бюджеттік сала қызметкерлерімен, студенттермен, жоғары оқу орындарының оқытушыларымен, Қазақстан халықтары Кіші ассамблеясының мүшелерімен кездеседі. Облыстың бірнеше ауылдық аудандарында болу да ойларында бар.
"Отан" партиясының парламенттегі депутаттары осымен жетінші облысқа ат басын тіреп отыр.