"Отан" партиясы жалпыұлттық партияға айналды - партия төрағасының міндетін атқарушы

"Бірігудің басты қозғалтқыш күші мен орталығы ролін Қазақстан Республикасы президентінің саяси партиясы - "Отан" партиясы атқаруға тиіс",- деді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, "партия "Асар" партиясымен бірігу арқылы нығая бастады. Бұл бірігуді қоғам оң қабақпен қарсы алды. Сауалнама қорытындысы бойынша бірігуді респонденттердің 70 проценті қолдады",- деді ол.

"Бүгін Аграрлық және Азаматтық партиялар қосылды. Саяси сахнада жалпыұлттық партия пайда болды. Ол еліміздің басты қозғалтқыш күшіне айналып, толыққанды жауапкершілікті өзіне жүктеп алуға тиіс",- деп мәлімдеді Б.Жұмағұлов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті