"Отан" партиясын "Нұр-Отан" халықтық -демократиялық партиясы деп атау ұсынылып отыр (толықтырылған нұсқа)

"Біз бұл мәселені саяси кеңес пен бюрода мұқият талқыладық. Партия мүшелерінен, барлық органдар мен өңірлердегі партиялық құрылымдардан көптеген ұсыныстар алдық. "Отан" республикалық партиясын "Нұр-Отан" халықтық -демократиялық партиясы деп атау жөніндегі ұсыныс барлық жерде бірдей ең жоғары қолдауға ие болды",- деп мәлімдеді Б.Жұмағұлов.

Оның айтуынша, "жаңарған партияның даму логикасы оның атауын нақтылауды қажет етеді. Әлемдік тәжірибеде қалыптасқан үрдіске сәйкес партияның атауы екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлігінде партияның саяси ұстанымы мен орны, ал екінші бөлігінде партияның символы немесе дүниеге көзқарасы мен иғдиқаты көрсетіледі",- деді ол.

Б.Жұмағұловтың айтуынша, "Нұр-Отан" атауы "партияның жалпыхалықтық сипатын, оның демократиялық идеологиясын, болашаққа ұстанған бағдарын және еліміздің жалпыұлттық жетекшісі - Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы ретінде қабылданатынын паш етеді".


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті