"Біз тіпті арамыздан кетіп қалсадағы, партияның әрбір мүшесін бағалаймыз және олармен арадағы байланысты үзбейміз",- деді А.Ермегияев. Алайда, партиядан бір немесе бірнеше адамның шығуы - "табиғи саяси құбылыс, ондай құбылыстар үздіксіз жүріп жатады",- дейді ол.
Сонымен бірге А.Ермегияев Ж.Тұяқбайдың мәлімдемесіне қатысты жеке көзқарасын "өзің суын ішкен құдыққа түкірме" деген қазақ мақалының көмегімен білдіре отырып, "ол бәрібір өзімізге қайта оралады" деп атап көрсетті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, кеше, 18-қазанда мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай "Отан" партиясынан шығатынын мәлімдеді. Ж.Тұяқбайдың айтуынша, ол "парламент сайлауы барысындағы былықшылықтарға қарсылық" белгісі ретінде осындай шешім қабылдаған. Ж.Тұяқбай Қазақстан президентіне парламент мәжілісінің өткен сайлауын заңсыз деп танып, жаңа сайлау белгілеу туралы өтініш жасады.
Мәжіліс төрағасының айтуынша, егер сайлау заңсыз деп танылмаған жағдайда ол парламент депутаты деген құзыреттен, яғни, мәжіліс төрағасы лауазымынан бас тартады.