"22 желтоқсанда Астанада кезектен тыс съезд өткізу туралы шешім қабылданды, онда бірігу процедурасы өткізіліп, саяси кеңес және саяси бюроның құрамына алдын -ала сайлау өтеді",-деді А.Башмаков.
Сонымен қатар, съезде бірлескен партияның атауы бекітіледі. А.Башмаковтың айтуынша, осындай ұсыныстар Азаматтық және Аграрлық партиялардың съезінде айтылған. "Біз бұл ұсыныстарды қарастырып жатырмыз, меніңше 22-желтоқсанда өтетін съезд барысында пікірталас жалғасады",-деді ол.
А.Башмаковтың пайымдауынша, бірлескен партия "Нұр Отан" халықтық-демократиялық партиясы, деп аталуы керек. Сенатор "Отан" партиясы бұрыннан халықтық партия , ол мүшелерінің санына байланысты емес, әйтседе қазір бұл үлкен күшке айналды, халықтық болуына оның құрамы себеп, дейді. "Әлеуметтік, жастық және ұлттық құрамына байланысты , партия халықтық боп саналады",-деп атап өтті ол.
"Отан"партиясы Қазақстандағы мүшесі ең көп саяси күш санатында. "Асар","Азаматтық" және "Аграрлық" партияларының қосылуы нәтижесінде мүшелер қатары 1 млн. адамға жуық болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті