"Отан" партиясының орталық аппараты Астанаға қоныс аударды

"Елордасы мен орталық билік органдарының Астанада болуы - қоныс аударуға басты себеп",- дейді Б.Жұмағұлов. "Жергілікті жерлердегі шенеуніктер көтере алмаған барлық проблемалардан биліктің тез арада хабардар болуын қалаймыз",- деді ол. Б.Жұмағұловтың айтуынша, "Алматыда партияның өкілдігі қалады".

Бүгін партияның орталық аппаратының 28 қызметкері Астанаға келіп жетті. "Біз Астанада жұмыс істеп, Елбасы алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратын боламыз",- деп атап көрсеткен Б.Жұмағұлов "Отан" партиясы Елбасының жолдауын халыққа жеткізумен шектелмей оны жүзеге асыру тетіктерін жасайтын болады" деп мәлімдеді.