"Ел президенті алға қойған жаңаша міндеттер оларды шешуге қатысты тың көзқарастарды талап етеді. Сол себепті біз бағдарламаның жаңа нұсқасын дайындай бастадық",- деді Б.Жұмағұлов.
"Бағдарламаның жаңа редакциясында қазір мемлекеттік комиссияда /Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы/ талқыланып жатқан қоғам мен мемлекетті саяси модернизациялауға қатысты барлық принциптік бағыттар көрініс табуға тиіс",- деді ол.
Б.Жұмағұлов бағдарламаның жобасы "кең көлемде талқыланып", партияның алдағы сьезінде талқылауға ұсынылады деп атап өтті.
Сонымен бірге партияның жарғысын түбегейлі түзету ұсынылып отыр. "Біріншіден, фракцияның мәртебесі нығайтылады. Ол партияның парламенттегі толық өкілетті өкіліне айналмақ. Екіншіден, "Отан" партиясынан сайланған депутаттардың партия саясатын ілгерілетудегі жауапкершілігі күшейтіледі",- деді Б.Жұмағұлов.
"Егер партияның мүшесі сайлауда партияның қолдауынсыз және партия алдында міндеттеме жүктемей-ақ ат ұсынуға ниет білдірсе, онда ол сайлауға партия құрамынан шығып барып кандидатурасын өз бетімен ұсынушы ретінде қатысады деген ұсыныс жасалды",- деді ол.
Сонымен бірге жарғыға "партияның өз құрамындағы депутаттық бірлестіктерге көмек көрсетуге тиіс екендігі мен партияның жоғарғы органдары алдындағы олардың жауапкершілігін бекітетін ұстанымдар" енгізіледі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті