"Отан" саяси партиясының жаңа парламенттік мерзімдегі стратегиялық міндеті - 2009-жылға дейін тіршілік сапасына қатысты Қазақстанның ұлттық стандартын қалыптастыру болып табылады",- делінген құжатта. "Жалпы ішкі өнімді екі есе арттыру арқылы мемлекеттің әлеуметтік шығындарының іс жүзінде екі еселенуіне жол ашу, әлеуметтік шығындарды екі есе арттыру арқылы тіршілік сапасын екі есе арттыру - басты мақсат",- делінген партияның тұғырнамасында. 5 жылдан кейін Қазақстан ТМД аясында ең таңдаулы денсаулық сақтау, ең үздік білім беру жүйесін, ең таңдаулы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін құра алады, әрі құруға да тиіс,- делінген құжатта. "Отан" партиясының пайымдауынша, ол үшін "2009-жылы дегенде денсаулық сақтау, білім беру және ғылым саласына бөлінетін бюджет қаржысының көлемі екі есе арттырылып, әлеуметтік қамтамасыздық көрсеткіштерінің 2004-жылғымен салыстырғандағы деңгейі арттырылуы тиіс".
"Отан" партиясы "Баршаға арналған медицина" атты бағдарлама ұсынып отыр. Соған сәйкес, " орташа әлемдік деңгейден кем түспейтіндей жоғары сапалы дәрігерлік көмек көрсеткішіне негізделген дәрігерлік қызмет көрсетудің ұлттық стандарты жобасын жасап қолданысқа енгізу" ұсынылып отыр. Сондай-ақ, "денсаулық сақтау мақсатында бөлінетін қаржыны жыл сайын арттыра отырып, 2009-жылы оның мөлшерін Жалпы Ішкі Өнімнің 4 процентіне дейін жеткізу, бюджет шығындарының көлемін тегін дәрігерлік көмекке арналған қаржының 40 процентіне дейін арттыру арқылы алғашқы дәрігерлік-санитарлық көмек көрсету жүйесін түбегейлі нығайту" ұсынылады.
2009-жылы партия "зейнетақы мөлшерін орташа айлық жалақы мөлшерінің 60 процентіне дейін арттыруға ниетті". Партияның бағалауынша, бұл ұсыныстың құны "айына қосымша 10 млрд. теңгені құрамақ". "2010-жылы Жалпы Ішкі өнім мөлшерін екі есе арттыру жоспарланғанын ескерсек, бұл міндетті шешу қиынға соқпайды",- делінген құжатта.
Партия сондай-ақ, "Тұрғын үй" атты бағдарлама ұсынып отыр. Онда 2009-жылы "орташа ауқатты тұрғындарды жаппай тұрғын үймен қамтамсыз ету" мақсаты алға қойылған. Мұндай мақсат " ипотекалық несие бойынша сыйақы ставкасын азайту, құрылыс материалдарының қазіргі заманғы индустриясын дамыту , бюджет саласы қызметкерлерінің тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету" есебінен жүзеге асырылмақшы.