Отандық әуе компаниялар жыл басынан бері 5,5 миллион жолаушы тасымалдаған

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда аптасына 640 рейс жиілігімен 53 бағыт бойынша 6 әуе компаниясы жолаушыларға қызмет көрсетеді.

«Әлеуметтік маңызы бар бағыттардың көлікке деген қолжетімділігі және ішкі туризмді дамыту үшін елдің 9 өңірінде 19 ішкі авиамаршрут субсидияланады. Халықаралық әуе қатынасы туралы айтар болсақ, рейстер аптасына 619 жиілігімен 107 бағыт бойынша 29 елге орындалады. Оның ішінде, Ұлыбритания, Вьетнам, Германия, Грузия, Египет, Катар, Қытай, Малайзия, БАӘ, Таиланд және басқа елдер бар», — делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін әуе компаниялары бір жылда бюджеттен 6,9 млрд теңге субсидия алғанын жазған болатынбыз.