«Үздік шетелдік драма» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды «Қазақфильм» АҚ-ның баспасөз қызметі.
Фестиваль 21-25 наурыз күндері Raleigh Studios-та өтті.
Аталмыш туындының режиссері Ерлан Нұрмұхамбетов 2011 жылы қыркүйекте өткен VII халықаралық «Еуразия» фестивалінде жеңімпаз атанған болатын. Бірақ ол кезде оған «Найзағай алдында» фильмі жеміс әкелген еді.
«Аңшы бала» киносының желісі қалада туып-өскен баланың төңірегінде өрбиді. Ол жазғы демалыста атасына ауылға келіп, өзіне үйреншікті емес даланың өміріне тап болады. Картина қалың жұртшылықтың назарына маусым айында ұсынылады.