Бұл акцияны әнші әрі сазгер Заттыбек Көпбосынұлы бастады. Ол осы уақытқа дейін бірінен соң бірі төбесіне мұздай су құйып мәре-сәре болғандардан әбден шаршаса керек. Әнші америкалықтар бастап, қазір бүкіл әлемде белең алған «су құю» акциясының орнына осылайша «қымызмұрындық» жасауды ұсынды. Жаңа шараның шарты бойынша әншілер қымыз ішіп отырған сәттерін таспаға түсіріп, басқа таныстарын да осылай істеуге шақыруы қажет. Ал Заттыбек Көпбосынұлы келесі «қымызмұрындықты» «МузАрт» тобына, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен тележүргізуші Асхан Садырбайға аманаттап тапсырды.
Заттыбек Көпбосынұлы, әнші:
-Бұл жердегі мақсат-қымызды қай кезде де болса бас қосып ішіп, сондай бір мереке жасауға болатынын насихаттау. Және өзіміздің ұлттық сусынымызды қымызды насихаттау .