«Тарихты зерделеу жұмыстары «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілуде. Елдің жетекші жоғары оқу орындарының тарихшылары, ғылым қайраткерлері, шығыстанушылар қажетті материалдарды әлемнің 20-ға тарта елінен іздестіріп жатыр», - дейді тарихшы.
1995 жылдан бастап еліміздің барлық аумағында археологиялық қазба жұмыстары белсенді жүргізілуде. Былтыр зерттеушілер ежелгі қобыз аспабын тауып алды. Биыл да соған ұқсас олжа табылған7
Археолог мамандар зираттың тоналмағанына таңғалуда. Бүгінде аталған музыкалық аспап ара-тұра болмаса, қолға түсе бермейтін әлемдік археология үшін сенсациялық жаңалық ретінде қабылданып отыр.