Соңғы уақытта ишемиялық инсульт ауруы күн санап көбейіп келеді. Аурудың алғашқы белгілері біліне бастағанда, дәрі-дәрмекпен емдеуге болады дейді мамандар. Өкінішке қарай, миға келетін күре тамырдағы қан айналымының бұзылуы науқастың мүгедек болуына және негізінен оқыстан көз жұмуына әкеп соғуда. Енді Алматының орталық клиникалық ауруханасы бұл дерттің алдын алу мақсатындағы шараларды қолға алмақ.
Марат Абдоллаев, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының директоры:
–Инсульт пайда болатын болса, науқастардың жағдайы төмендейді. Мүгедектік пайда болады. Соның алдын алу жұмысын, диагностикаларды өткізуіміз керек. Онда азаматтарға уақытында тиісті көмек береміз деп сенеміз.