Отандық ғалымдар Семейдегі ядролық сынақ алаңын туристік нысан ретінде ашуға үндеді

Сергей Лукашенко, ҚР ұлттық ядролық орталық радияциялық қауіпсіздік және экология институтының директоры:

- Жарылыстардан кейін жартылай балқып кеткен ғимарат қабырғалары, терең шұңқырлар, баршаға белгілі «атом көлі» де сол қалпы тұр. Осының бәрі келушілер үшін өте қызықты болатынын байқадық».

Курчатовтағы орталық мамандары кезінде қасірет символына айналған аймақты кіріс көзі ретінде пайдалануға болатынын айтуда. Сөздеріне сенсек, мұнда жыл сайын 30 адам ғана турист ретінде келеді екен. Келушілер санын бірнеше есе өсіруге де болады. Ғалымдар, тіпті, бұрынғы сынақ алаңын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік тарихи мұралары тізіміне енгізу керек,- деп отыр. Бұл ұсынысты олар бірнеше жылдан бері Мәдениет министрлігіне де айтқан көрінеді. Алайда атқамінерлер оған құлақ аспапты. Орталық мамандарының ұсынысын жергілікті тұрғындар да құп көрер емес.


Азиза Молдақасымова, Семей қалалық «Поколение» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары:

- Ғалымдарды тыңдасам, ол жерді сынақ алаңы емес, ойыншық ретінде қарайды. Полигон аумағының қауіпті екенін бәріміз білеміз. Қанша сұрақ қойдым, ешбіріне дәйекті жауап ала алмадым. Бұдан кейін қалай сенемін оларға?!