Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін өндіріс пен бизнеске енгізу үшін коммерцияландыру гранттарын «Ғылым қоры» АҚ қаржыландырады. Ғылым қорының коммерцияландыру жобалар портфелі экономиканың бірнеше саласын қамтиды», - деп жазылған министрлік ұсынған жауапта.
Мәлім болғандай, отандық ғалымдардың әр салаға енгізіліп жатқан жобаларының үлесі мынадай:
- Ауыл шаруашылығы - 33,65%;
- Денсаулық сақтау - 14,5%;
- Химия өнеркәсібі - 11,8%;
- Цифрландыру - 7,7%;
- Металлургия және металл өңдеу - 5%;
- Энергетика кешенін жаңғырту - 5%;
- Экология - 5% және тағы да басқа салалар.
Еске сала кетейік, бұған дейін кейінгі екі жылда қазақстандық ғалымдар ойлап тапқан жаңалықтар жайында жазған едік.
Сонымен қатар отандық ғылыми кадрлардың жобасына қызығушылық танытқан шет мемлекеттер де белгілі болды.