Отандық кәсіпкерлер Кеден одағына өкпелі

Бұған Ұлттық кәсіпкерлер палатасы шамданып отыр. Тіпті отандық бизнесмендердің мүддесін қорғай алмады, ұсыныстарды жеткізбеді деп мемлекеттік органдарды айыптады. Кәсіпкерлер паратасының төрағасы Абылай Мырзахметовтың айтуынша, шенеуніктер бұл мәселеге жүрдім-бардым қараған. Енді зардабын кәсіпкерлер тартады. Бұлай жалғаса берсе, соңы жемқорлыққа әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан Қазақстан тарапы Еуразиялық экономикалық одақ комиссия алқасының төрағасы Виктор Христенконың атына хат жолдады. Соған сай кедендік құқықтық қатынасты реттейтін 16 халықаралық келісім-шарт пен 6 жобаның ережесін қайта қарауды өтініп отыр.


Абылай Мырзахметов, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы:

-Кедендік іс саласындағы басты құжат тығыз жағдайда жасалады. Өкінішке орай, мемлекеттік органдар кәсіпкерлермен әрқашан санаса бермейді. Ал тәжірибе көрсеткендей, Кедендік кодекстегі қателіктер мен кемшіліктерді түзеу көп жылға созылады.