Енді заңды келісім-шартқа сәйкес қос тарап алдымен мемлекеттік сатып алудағы қазақстандық үлесті арттырады. Өйткені, бұл ең алдымен отандық өндірушілерді қолдаудың бірден-бір жолы. Осыған орай, «Самұрық-Қазына» қоры тиісті бағдарлама әзірлеуге кіріседі. Сондықтан Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Бүгінде ұлттық қор мемлекеттік сатып алуларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіріп жатыр.
Өмірзақ Шөкеев, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы:
-Сатып алулар саласында біз қазақстандық үлесті белсенді түрде арттырамыз. 2010 жылы бұл көрсеткіш 30 пайыз болса, қазір - 70%. Бұдан өзге бірнеше бағыт бар. Мысалы, инвестициялық саясат. Ертең Балқаш жылу электр орталығы бойынша құрылыс жөнінде құжатқа түпкілікті қол қойылады. Құрылыстың 75 пайызы корей компаниясының иелігінде болады.