Отандық өнер жұлдыздары ұлттық музейде гид болуға дайындалуда

Тұңғыш Президент күніне орайластырылған шарада отандық өнер жұлдыздары музейдегі гид қызметін көрсетеді. Музей қонақтары әншілер мен ақындарды гид ретіндегі қырынан танып, өздеріне қажетті ақпаратты алады. Жобаның басты мақсаты - Ұлттық музейдегі қоғамдағы имджін арттыра отырып, экскурсовод қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру болып табылады. 

Өнер жұлдыздарының арасында ақын Қалқаман Сарин, әнші Қарақат Әбілдина бар. Қарақат музейге келушілер үшін "Алтын залды" таныстырады екен. Ал Құрмаш Мақанов "Тарих " залын таныстырады. 

Сондай-ақ музейдегі гид ретінде қызмет көрсететін танымал жұлдыздардың арасында Клара Төленбаева,  Маржан Арапбаева, Досымжан Таңатаров пен Гүлнұр Оразымбетова да бар. 

Аталған өнер жұлдыздары Ұлттық музейдің бірнеше залдары бойынша гид қызметін атқарады.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары «Жұлдызды гид» жобасын 26 қараша күні сағат 14.00-ден бастап тамашалай алады. Шара соңынан жұлдыздардың концертін тамашалауға болады.