Отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттер мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажет - Назарбаев

Баспасөз қызметінің хабарламасында атап көрсетілгендей, президент 2008 жылға арналған бірінші кезектегі міндеттер - инфляцияны төмендету, банк жүйесіндегі жағдайлардың дамуын мониторинг жүргізуді күшейту, банк қадағалауын күшейту, сондай-ақ отандық қаржы нарығына жаңа эмитенттерді, яғни құнды қағаз шығарушылар мен инвесторларды тарту жұмысын жандандыру қажеттілігіне аса көңіл бөлді.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өз сөзінде мемлекеттік органдардың әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайындағы қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлдерін жалпы алғанда оң бағалады.

Жиналыс барысында Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің төрағасы Аркен Арыстанов агенттіктің 2007 жылы қор нарығын активтендіруге қатысты жүргізілген жұмыстары жөнінде баяндады.