Отандық тауар өндірушілерге қандай қолдау көрсетіліп жатыр

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

«Пандемияға байланысты экономикалық белсенділік құлдырағанда сатып алуды ұйымдастыру рөлінің айтарлықтай артатынын бірнеше рет атап өттік. Ел Президенті айтқандай, қазіргі уақытта сатып алу экономикалық белсенділікті қалпына келтіру құралы ретінде қарастырылады. Одан бөлек, экономистер дағдарысты экономиканың қайта жандануына ықпал етеді деп есептейді. Өткен және алдыңғы жылдары компаниялар тобы мен қордың өзі отандық өнеркәсіп секторын қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізді. Оған баса назар аударамыз, себебі ол елдің экспорттық әлеуетінің өсу негізі болуы тиіс», - деді Әлішер Пірметов Samruk Akparat алаңында өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, өткен жылы оффтейк-келісімшарт бағдарламасы іске қосылды, ол жаңа өндіріс құруға, импортты алмастыруға бағытталған жаңа бастамаларға қолдау көрсетеді. Бұл мақсатта қордың келісімшарт тобы өндірушілердің өнімін сатып алуға кепілдік береді.

«Оффтейк-келісімшарттардың нәтижесін қазір сезінуге болады. қордың импортты алмастыру бағдарламасының айтарлықтай кеңейіп келе жатқанын хабарлағымыз келеді. Осыған байланысты біз қордың сатып алу қызметінің дәстүрлі тәсілдерінің тұтас жүйесін қайта қарадық. Егер бұрын сатып алу жүйесі тек ішкі холдингтік операциялық функцияны көздесе, қазір ол отандық бизнесті қолдаудың нақты механизмін қоса қарастырады. Маусым айында өткен қор басқармасының отырысында біз қазіргі ауыр экономикалық жағдайдағы қазақстандық кәсіпорындарды қолдаудың жаңа бағдарламасын әзірлеуді хабарлаған едік. Бұл шараларды Қауіпсіздік Кеңесі мен оның төрағасы қолдады. Бағдарлама біздің компанияларға өз өнімдерін өткізе алмай жүрген кәсіпорындармен тікелей шарт жасасуын қарастырады. Бұл – өте ауқымды және өзекті мәселе. Бұл біздің компанияларымызға қажетті тауарларды сатып алуға, ал кәсіпорынға – өндірістік процесті тоқтатпауға мүмкіндік береді. Керісінше, кейбір кәсіпорындар бойынша өндірістік қуатты арттыру және жұмыс орындарын сақтауды қарастырамыз», - деді спикер.

Көрсетілген артықшылықтар мен пайдадан басқа, өндірістік жүктемені ұлғайту туралы бюджетке қосымша 6 млрд теңге салық түседі. Яғни, жаңа тәсілдерді іске асыру жұмыс орындарын сақтап қана қоймай, бюджетті қамтамасыз етуге, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік беріп, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қолдаудың нақты тетігі болмақ.


«Қор отандық тауар өндірушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмысты одан әрі жалғастыруға ниетті. Осы мақсатта ҚР Үкіметі жанындағы Жобалық кеңсемен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен және салалық қауымдастықтармен жұмыс істейміз. Мұндай жүйелі шаралар ел экономикасының өсуіне ықпал етеді, дағдарыстан жаңартылған әлеуетпен шығуға және шикізат нарықтарының конъюктурасына тәуелділіктен арылуға мүмкіндік береді», - деп қортындылады Ә. Пірметов.