Бүгін мұндай ұсынысты Мәжіліс қабырғасында Ұлттық экономика министрлігі жасап, енді бұл міндетті заңнамалық тұрғыда бекітпек. Сөйтіп, отандық арналар айына 15 минутқа жуық әлеуметтік бейнебаяндар таратуы тиіс болады. Сонымен қатар заң жобасында роликтердің бағасын тек ұлттық валютада көрсету туралы талап та қарастырылып отыр. Әлеуметтік жарнамалар 15 республикалық телеарнада орналастырылады. Алайда депутаттар аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарын да ескеру керек деп санайды.
- Әлеуметтік жарнаманы тек қана республикалық телеарналарда ғана емес, өңірлік арналарда да орналастыру мәселесін қарастыру керек. Өйткені, рейтинг мәселесі өте күмәнді мәселе. Халыққа жақын телеарналар облыстық телеарналар деп ойлаймын өз басым, дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Кәрібай Мұсырман.