Отандық тележүргізуші Ресей жаңалықтарын жүргізбек пе?

“Сенсация! Гүлназ Ауданбаева орысша жаңалықтар жүргізбек.
Өйткені Москваға Останкиноға жұмысқа кетейін деп жатыр. “Сен келмесең болмайды деп қоймай шақырып жатыр”. Білмеймін тіпті барсам ма, бармасам ба. Аздап шығатын əдемі қазақы акцентімнен айналдым”, – деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Ол “Қазақстан”, “Еуразия” және 7 арнада тележүргізушілік еткен.

Желі қолданушылары қолдау білдіріп, сәттілік тілеп жатты.

“Сәттілік серігіңіз болсын! Қайда жүрсеңіз де аман болыңыз! Жолыңыз әрдайым ашық болсын! Біз сізге тілекшіміз!”, “Құтты болсн! Бәрі жарасп тұр”, “Қазақтың қыздары әр елде құрметке лайық болсын”, – деп жазды желі қолданушылары.

Алайда тележүргізуші соңынан мұның әзіл екенін айтып, жай ғана кастингке қатысқанын мойындады.


“Жандарееем менің! Жақсы көремін ғой сіздерді, оқырмандарым! Алдыңғы видеома көп тілек жазыпсыздар. Амин, жақсы тілектің артығы жоқ. Бірақ əзіл ғой Москва туралы. Өмірі орысша жүргізбегесін қызық көріп бөліскенім ғой. Басқа елге кететін жоспарым жоқ. Бірақ мені орысша кастингке шақырғаны рас. Басқа арнаға. Мен қызық үшін барып көрдім. Жалпы, бойымдағы осы қасиет үшін Аллаға ризамын. Қорықпай тəуекелге бел байлайтыным бар. Мысалы орыс тіліне өз тілімдей судай болмасам да бағымды сынаудан бас тартпадым. Мүмкін бір күні расымен орысша, ағылшынша жүргізетін кез де келер”,- деп жазды ол.