Отаншылдық рухтағы әндер жинағы жарыққа шықты


Әндер жинағы Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында жасалған. Жинақты «Қазақстанда дәстүрлі музыканы дамыту қоры» қоғамдық қоры шығарып отыр.

«Бозқараған» атты бірінші дискіде халық әндері мен халық композиторларының туған жер тақырыбындағы шығармалары топтасқан. «Менің Қазақстаным» дейтін екінші дискіде КСРО заманында шыққан патриоттық әндер жинақталса, «Тәуелсіздік жырлары» деп аталатын үшінші дискіде Тәуелсіздік жылдары дүниеге келген рухты әндер қамтылған. Сонымен қатар, жинақтағы барлық әндердің мәтіндері де тыңдарманға ұсынылып отыр.