Отбасылық фестиваль алматылықтарға қуаныш сыйлады

Демалыс күні шағын концерт пен түрлі қойылымдарды тамашалауға ағылған алматылықтардың қарасы көп болды. Шара барысында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен түрлі қоғамдық қорлардың өкілдері өз өнерлерін паш етті. Бұдан бөлек, қолдан жасалған бұйымдар  көпшілік назарына ұсынылып, ойындар ойнатылды. 100-ге жуық отбасы  саябақта серуендеп, суретке түсіп, мерекелік демалыс өткізді. Ұйымдастырушылар мұндай шара әрбір шаңырақтың іргесі берік болуы үшін керек дейді.


Дана Кәрім, "Бала отбасында өмір сүруі тиіс» жобасының үйлестірушісі":

-Біз саябаққа барлық жанұяны шақырдық. Теледидар мен компьютердің  алдында отыра бермей, олардың мұнда келіп, бірігіп, көңіл көтеруін қаладық. Кішкентай балғындар да бір-бірімен ойнап мәз боп қалды.