Бұл туралы ол бүгін Атырауда өтіп жатқан сотта айтты, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Әйеліммен 10 жыл тату тұрдық. Әйелімнің отбасы шектен тыс араласты. Сонда да біз бөлінгіміз келмей, бірге тұра бердік. Сонда да қайта, қайта қоқан-лоққы көрсетіп, отбасыма араласуын тоқтатқан жоқ. Осы қылмыстың барлығы әйелімді менен тартып алып, 5 баламды саған да, маған да жоқ деп қылмыс осыған алып келді”, - деді айыпталушы.
Естеріңізге сала кетейік, 40 жастағы Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты сот процесі басталды. Ол бұрынғы әйелінің 4 туысын - ата-анасын, інісін және әпкесін өлтірді деп айыпталып отыр.