"Отбасымды сақтап қалып керемет бақытқа жеттім": Айнұр Тұрсынбаева өмірін өзгерткісі келетіндерге ақыл айтты

Ол өмірді өзгертудің негізгі қағидаларымен Instagram stories-те бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Өмірді өзгертуге болады десе сенбейміз. Кедей боп тудық, кедей боп өстік, кедей боп өмір сүре береміз дейміз, бірақ жан-тәнімізбен бай болғымыз келеді... Бай болып жатқандардың жасағанын жасағымыз келмейді. Сонда бізді байытпай жатқан, артқа тартып жатқан кім?! Өзіміз ғой, мойындайықшы... Біздің бір жаман жеріміз мәңгілік өмір сүретіндей жүре береміз. Спортпен айналысу керек еді, диета ұстау керек еді, бірдеңемен айналысу керек еді... Біреу жақылыққа шақырса алдап жатқандай күдіктенеміз. Ақша тауып жатқандар алаяқтар сияқты. Отбасымды сақтап қалып, керемет бақытқа кенелдім, деп біреу пікір жазса қуанудың орнына, өзінің танысы ғой деп күмәнмен қараймыз", - деп жазды Айнұр Тұрсынбаева.