"Отбасымыз үшін үлкен қайғы": Мұхтар Шахановтың туған немересі аңыз атасына жантебірентерлік жазба арнады

Абыз ақынның туған немересі атасы туралы естен кетпес естелігімен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мұхтар Шахановтың Қайырхан Балғабеков есімді немересі оның көзі тірі кезіндегі естелігімен бөлісті.

"Бүгін отбасымызда үлкен қайғы. Біз - атамыздан, ал қазақ халқы ұлы қаламгерінен, дара тұлғасынан айырылды. Біздің асыл атамыз – Мұхтар Шаханов өмірден өтті. Ол тек біздің отбасымыздың ғана емес, барша қазақтың рухани қазынасына айналған ұлы ақын еді.

Атамыздың жырлары ұлттың жанын сөйлетті, шындықты ту етіп, талай ұрпаққа жол көрсетті. Оның есімі мен еңбегі ел жадында мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болсын,АТА Артыңызда қалған өнегеңіз бен мұраңыз мәңгі жасайды. Орныңыз толмайды,Сізді әрдайым сағынып еске аламыз…", - деп жазды ол.