"Өте көп жақсы өзгерістер болайын деп тұр - ау": Мәдина Сәдуақасова президенттің жолдауы жайлы пікір білдірді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Кеше негізі күшті күн болды! Бала мектепке барды, барша оқушылар мен ата-аналарды және ұстаздарды тағы да құттықтаймын !
Маа, президентіміздің қазақ халқына жолдауын кім көрді?
Ұлттық қордағы табыстың 50 пайызы балалардың шотына аударылады. Ондайды тек Дубайда естіп едік.

Сосын бала туылғанда баяғыдай 1 жыл емес, 1, 5 жыл бойы төлемдер жүріп тұрады екен, ол келесі жылдан (2023). Әйелдердің зейнетке шығу жасы 61 жас деп бекітіліпті. Апамыз (енем) зейнетке шығуын қуып, жете алмай жүр еді, дұрыс болыпты.
Оқу үшін жеңілдетілген азғантай  пайызбен кредиттер берілетіні ше?! Баяғыдан армандап, тілеп жүргеннің барлығы келіп жатқан сияқты, шүкір. Бірте - бірте бәрі жақсарып келе жатқан сияқты.
Негізі өте көп жақсы өзгерістер болайын деп тұр - ау елде. Президенттің жолдауын кім көрді?" - дейді Мәдина Сәдуақасова. 

Сол сияқты Мөлдір Әуелбекова балаларымның болашағы үшін енді алаңдамайтынын айтып қуанды. 

"Көптеген мәселелер көтерілді, көңіл тоярлықтай жауап алдық деп ойлаймын. Соның ішінде ата-аналарымыз үшін қатты қуанып жатырмыз. Зейнетке шығу жасы 61 жас болып тіркелді. Екі баланың анасы ретінде мені қуантқан үш мәселе бар. Енді балалар жәрдемақысы 1.5 жасқа дейін төленеді. Бұл бізге жасалған өте үлкен мүмкіндік, жеңілдік. Баршамызды құттықтаймын! Ұлттық қордың инвестициялық табысынан 50 пайыз балаларымыздың шотына аударылады. Енді олардың оқуына, болашағына алаңдамауымызға толық негіз бар", - деді Әуелбекова.