Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Екі тараптың кездесуін Саида Мирзиеева өзінің желідегі парақшасына жүктеді.
"Франция Президенті Emmanuel Macron мырзаға көрсеткен ілтипаты мен жылы қабылдауы үшін алғысымды білдіремін.
Shavkat Mirziyoyevтің ең ізгі тілектері мен сәлемін жеткіздім.
Екі елімізді стратегиялық маңызы зор салалардағы ұзақмерзімді әріптестік байланыстырады. Алдағы уақытта да екі мемлекетке бірдей пайда әкелетін бірлескен жобалар мен бастамалар аз болмайтынына сенімдімін", - деп жазды ол.
Желі қолднушылары олардың жылы жүздесулерін таңдай қаққан. "Макронның сізден көз алмай тұрғаны көрініп тұр", Өте сұлусыздар", "Президент сіздің сұлулығыңызға тәнті болып тұрғаны көрініп тұр" деп жазып жатыр көпшілік.