Өте ұзын бойлы магистрант Астанада ғимараттар салудың хас шебері атанды


Павлодар мемлекеттік университетінің бойы ең ұзын магистранты Нұрсұлтан Нұрымов Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының республикалық дипломдық жобалар байқауында дипломант атанды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.

Нұрсұлтан унивеситеттің сәулет және құрылыс факультетін бітірген. Биыл ол бакалавриатты тәмамадап, магистрант атанды. Оның «Астана қаласының ғимараттары үшін темір-бетонды құрылымдар» атты дипломдық жұмысы «Өндірістік және азаматтық құрылыс технологиялары» аталымында ең үздік деп танылды. - Дипломдық жұмысымды жасауға бір жыл уақытым кетті, - деді магистрант. - Жұмысымда Астана қаласында қуаттылығы жылына 75 мың текше метр өнім өндіретін темір-бетонды құрылымдар шығаратын зауыттың жобасын ұсындым. Болашақта өзімнің жеке құрылыс фирмамды ашсам деймін. Айта кетерлігі, 22 жастағы Нұрсұлтан білім ордасындағы бойы ең ұзын магистрант. Оның бойы - 2 метр 4 сантиметр. Жігіттің айтуынша, оның ата-анасы орта бойлы. Өзі болса, волейбол мен кикбоксингпен айналысудың арқасында бойшаң жігіт болдым деп есептейді.