"Шамасы, жалпы аурушаңдық ахуалыма, ұдайы ұйқымның қанбауына, және айтылған нәрсенің әсерімен немесе қазір түсінуге және түсіндіруге қанша талпынсам да байыбына бара алмай отырған әлдебір себептерге байланысты мен президентке хат жазып, онда Ибрагимов екеуіміздің өлімге қатысымыз бар екенін қате жеткіздім",- деп мәлімдеді Е.Өтембаев. "Бұдан кейін маған осының бәрін жауап беру барысында айтып, бейнекамераға жазғызу керектігін айтты",- деді ол.
Е.Өтембаевтың айтуынша, беттестіру барысында өзінің А.Сәрсенбаевтың өліміне қатысы барлығы туралы Ибрагимовтың тіс жармағанын естіп білген. "Ибрагимовпен беттестіру барысында мен 24-ақпанда өзім берген жауапты растаудан бас тарттым. Өйткені бұл өзіме өтірік жала жабу болатын",- деп мәлімдеді сотта Е.Өтембаев. "Бірақ мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында олардың берген жауабын қолдаймын дедім. Бұл сөзді мен қазіргі ахуалда олардың берген жауабын қолдауға мәжбүрмін, бірақ растамаймын деген мағынада айттым",- деді ол.