"Бұрынғы қорғаушымызбен объективті себептерге орай келісімді бұзуға тура келді, жаңа адвокатты кеше кешке ғана таптық, ол іспен танысып үлгермегендіктен бірнеше күн сұраймыз", деді сәрсенбіде сотта Алтынбек Сәрсенбаевтың бауыры Рысбек Сәрсенбаев.
Жәбірленушілер Жанат Байбосынова және Татьяна Журавлева сотқа келе алмады, олардың өкілі Маржан Аспандиярова да соттан отырысты кейінге қалдыруды сұрап отыр.