Бұл туралы желі оқырманы әншінің Instagram-дағы парақшасына пікір ретінде жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Ақбота, айналайын екі кішкентай бөбегіңнің қызығын көр. Күйеуге шықпа, сен қазір жұлдызды шағыңдасың, жасыңды жасап өзіңді күтіп, әдемі болып жүре бер. Ертең сол екі балаң сені жете алмаған арманыңа жеткізеді. Өтінемін, күйеуге шықпай ақ қойшы, айналайын менің саған әжелік ақылым. Алла берген балаларыңмен бақытты боласың", - деп жазды желі оқырманы.