Өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші! - шетелдіктің қазақтарға айтқаны

Бұл - қазақтардың өз тілінде сөйлемейтінін шетелдіктердің сынап жатқан видеосын әлеуметтік желіге жариялаған белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің жазбасы, деп хабарлайды Caravan.kz.  

Видеоға түскен шетелдіктердің бірі: "Қазақша сөйлеспейтін қазақтарды көріп таң қалдым. Қазақстанда қазақтар қазақша сөйлесуі керек. Бірақ олар білмейді" десе, екіншісі: "Екі қазақ қызы бір-біріне қазақша сөйлейді. Бірақ маған орысша сөйлейді. Ал мен орысша білмеймін" деп күледі. Одан кейін "өтінемін, қазақша сөйлеңіздерші!" деп тағы да күледі.


Loading...