"Өтірік, ерігіп намаз оқып жүргендер көп": Мешіттегі намаз уақытында бір-бірін сабай жөнелген ер адамдардың әрекеті елдің қызу талқысына түсті

Онда ер адамның бұл әрекетінен соң, мешіттегі намаз оқу сәті тоқтағанын анық көруге болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Танымал пабликтердің бірінде пайда болған видеода оқиға шамамен Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы мешіттердің бірінде болғаны айтылған.

"Аталған оқиға Сарыағаш қаласындағы мешіттердің бірінде болған деген ақпарат бар. Онда бір ер адамның намаз уақытында екіншісіне жұдырық ала жүгіргені көрінеді. Клуб кафе болды, енді мешітте төбелесу қалды", - деп жазған видео авторы.

Көпшілік еркектердің бұл әрекетін жаппай сынаған. Олар: "Несіне таң қаласыңдар, төбелес қай жерде болса да таң қалмайтын болдық қой", "Ұят-ай, еркектерге не болған?", "Оңтүстік өңірлерге не болды өзі? Бүкіл сұмдық сол жақтан шығады" деп жазды олар.