Өтірік гинеколог болып әйелдерді тексерген бозбала ұсталды

17 жастағы жасөспірім арнайы жоспар құрған. Қолдан клиниканың мөрі басылған жалған бейдж жасап, ақ халат киіп, мойынына стетоскоп тағынып, күнде клиникаға қызметкер ретінде кешікпей келіп жүріпті. Сөйтіп, толық бір ай көлемінде гинекология бөлімін жағалаған. Дәрігерлермен бірге күрделі операцияларға да қатысқаны мәлім болуда. Ал полиция құрығына гинекологтың қарауына келген бір келіншекке күш көрсетпек болған сәтінде түскен. 

Loading...