Блогер Instagram желісіндегі оқырмандарына 3 ай бұрын мешіт құрылысын бастағанын, құрбан айтқа дейін құрылыс жұмыстары аяқталатынын қуана мәлімдеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Алайда, блогердің қуанышы көпке созылмаған. Оның айтуынша, ауыл тұрғындары оларды алаяқ деп атап, мешіт құрылысына наразы екенін білдіруде.
"Біз Дархан екеуміз арнайы мешіт саламыз деп ақша жинадық. Осы мақсаттарға жету үшін өте көп еңбек етіп жүрміз. Бұдан бізге бір тиын түспейді. Сіздер айтқандай, зауыт сияқты өз қалтаңды көтеретін басқа бизнес салуға болатын еді. Бірақ, біздің басты ниетіміз осы болатын. Мүфтиятқа тапсырамыз. Алланың үйі деген киелі нәрсе. Соған себепкер болып жатқан адамдарға осындай нәрсе айтып жатса, мен білмеймін. Мен бар болғаны 22 жастамын, Дархан 26-да. Үлкен кісілер осындай жастарды қолдамай жатса, басқа адамдардан не сұрау керек, не күту керек?!", - дейді блогер.