Өткен аптада Алматы қалалық ІІД есірткі саудасына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері есірткіге қатысты 32 қылмысты анықтады

Қылмыстардың жиырмасы - есірткі сатуға қатысты болған. Сонымен қатар полиция қызметкерлері заңсыз айналымнан бір киллогарммға жуық есірткі заттарын тәркіледі.

Ең ірі 95 граммдық героин Түріксіб ауданының 46 жасар тұрғынынан алынды. Ол "ақ ұнтақты" өз үйінде сатумен айналысып келген. Полиция қызметкерлері ер адамды кезекті бір есірткі заттарын сату үстінде кісендеді.

Сонымен бірге, қарашаның 6 мен 13 аралығында полиция қызметкерлері үш түнгі клуб пен үш ойын залын тексерді. Түнгі оннан кейін ұсталған кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдермен әңгіме өткізіліп, осы жағдай бойынша ойын-сауық орындарының әкімшілігіне ауызша ескертулер берілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті