Өткен аптада Алматы қалалық өртке қарсы күрес қызметінің гарнизоны 63 мәрте шақырылды, олардың 13-і жалған болып шықты

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, осы мерзімде 8 жер үйде және 2 көп пәтерлі тұрғын үйде өрт шықты. Сондай-ақ, "Опель" және "Газель" автокөліктері мен бір газет дүңгіршегі өртке шалдықты.

Өткен аптада болған өрттер салдарынан 5 адам әртүрлі дәрежелі жарақат алды.