Арзан және қымбат пәтерлер құнындағы айырмашылық азайды. Ең қымбат Медеу ауданында бір шаршы метрдің құны ең арзан Түріксіб ауданындағы бір шаршы метрдің орташа құнынан 1,64 есе артық. Осы жылы алғаш рет қымбат үйлердің құны арзандап, бағаның жылдық орташа өсімі орта және орзан баспана секторын қамтамасыз етті.
Ең қымбат форматтағы пәтердің орташа құны $5354, ең арзан пәтердігі - $2692 болды. Ең қымбат және ең арзан пәтер құнының арасындағы айырмашылық азайды. Осы аптада бұл индекс 1,99 (199%) құрады.
Алматыдағы пәтер құнының өсімі үйлердің орналасқан ауданына, бөлмелердің санына және үйдің үлгісіне байланысты өзгереді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті