Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 1,13 пайызға төмендеді

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылығы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,64 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының төмендеуі арзан пәтерлер бағасының төмендеуімен салыстырғанда қарқынды.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5067 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2616 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық көбейді. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 1,94 (194 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.

Болжам. Сұраныстың өсіп отырғандығын ескере отырып, бағаның өсуінің екпіні өзгереді деп, сеніммен айтуға болмайды. Әзірге болжам бұрынғыдай қала бермек: бағаның өсуінің осы екпінімен қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы маусым айының басында 4000 АҚШ долларына жетуі мүмкін.

Мамыр айындағы мерекелерге байланысты www.irn.ru аналитикалық орталығының Мәскеудегі пәтер бағасы туралы мәліметтері жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті