Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 5,03 пайызға көтерілді

Арзан және қымбат пәтерлердің айырмашылығы артты. Ең қымбат Медеу ауданындағы пәтердің бір шаршы метрінің бағасы орта есеппен ең арзан Түріксіб ауданындағы пәтердің бір шаршы метрінен 1,79 есеге қымбат.

Қымбат пәтерлердің бағасы арзан пәтерлердің бағасымен салыстырғанда жылдам өсіп отыр. Ең қымбат форматтағы пәтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 4035 АҚШ долларын құраса, ең арзаны 1626 АҚШ долларын құрап отыр.

Ең қымбат форматтағы пәтер мен ең арзан пәтердің айырмашылығы өсті. Осы аптады бұл көрсеткіш 2,48 (248 пайызды) құрап отыр.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер саны мен үйдің үлгісіне қарай өзгеріп отырады.

Болжам бойынша, бағаның өзгеруінің қазіргі қарқыны сақталса, қаладағы пәтердің бір шаршы метрінің орташа бағасы 2007 жылдың мамырында 3000 АҚШ долларына жетеді.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші жаңа жылдың алдындағы көрсеткішпен салыстырғанда төмендеп, бір шаршы метрі 4210 АҚШ долларын құраған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті