Өткен аптада елімізде зорлық пен автокөліктерді айдап әкету қылмыстарының саны артқан

"Соңғы аптада жалпы алғанда еліміздегі оперативтік ахуал тұрақты болды",- деді Б.Қожахметов.

Өткен аптада жалпы алғанда елімізде 3050 қылмыс жасалды. Барлық қылмыстардың тең жартысы немесе 1347-сі ұрлық болса, оның 807-сі әшкереленді.

Өткен аптада елімізде қасақана кісі өлтіруге қатысты 63 қылмыс, 29 қарақшылық шабуыл, 240 тонаушылық жасалды. Тиісінше олардың 47, 15 және 148-і әшкереленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті