Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Есентаев 2016 жылы оған пышақ жарақатын салғаннан кейін, 9 жылға сотталған еді.
"Алты жыл бойы мен онымен байланысқан жоқпын. Өткен аптада өз қалауыммен екеуміз сөйлестік. Мен оны, оның ұстанымын естігім келді. Өйткені, қайталай бергім келмейді, ол менің балаларымның әкесі. Өзіне де: "Сен менің балаларымның әкесі болып қала бересің, ол үшін саған алғысым шексіз", - деп айттым.
Оның миына кіріп шығатын мүмкіндігім болмады. Ешкім ешқашан біреудің басына кіре алмайды, бірақ мен солай жасағым келді", - деді ол.
Мақсатқызы кездесудің қалай өткенін әңгімеледі.
"Алты жылда көп су ағып кетті. Қазір екеумізді қыздарымыз бен немеремізден басқа ештеңе байланыстырмайды. Эмоционалды салқындық сезілді, әрине. Бірақ ол өзін жақсы ұстады, мен де", - деп түсіндірді Баян Мақсатқызы.