Өткен бір аптада Атырау облысының бір ауданында поездар 20 түйені таптап кетті

Оның айтуынша, отарба доңғалақтарымен малдарды таптап кету жиі кездесетін оқиға. Жануарлар көбінесе отарбаға түн мезгілінде тапталады екен. Бір түйенің бағасы 100 мың теңгеден асып жығылатынын ескерсек, мал иелерінің шеккен шығынын есептеу қиын емес.

Темір жолшылардың айтуынша, бұрындары темір жол желілерін бойлай әртүрлі қоршаулар тартылатын. Алайда соңғы уақытта мұндай қоршаулаврдың басым бөлігін ауыл тұрғындары отынға пайдалану үшін үптеп кеткен.